Еліктеу сз что это
Урок по казахскому языку на тему «Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер»
Онлайн-конференция
«Современная профориентация педагогов
и родителей, перспективы рынка труда
и особенности личности подростка»
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, шар, стакандағы су, сағат, сөзжұмбақ
— Оқушылармен сәлемдесу;
— Оқушыларды түгендеу;
— Психологиялық тренинг: Қане, балалар, мені көріп тұрғандарың 1 рет шапалақтаңдар, мені естіп тұрғандарың 2 рет шапалақтаңдар, үй тапсырмасын орындап келсеңдер, сабаққа дайын болсаңдар 3 рет шапалақтаңдар.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген 302-жаттығуды тексеру, оқушылардың дәптерлерін тексеру.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларға жұлдызша таратып отыру.
Өткен тақырыпты қайталау.
Еліктеу сөз дегеніміз не?
Еліктеу сөз құрамына қарай қалай бөлінеді?
Дара еліктеу сөзге мысал келтір.
Күрделі еліктеуге мысал келтір.
Еліктеу сөз тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
Еліктеу сөзге мысал келтір.
Негізгі еліктеу сөзге мысал келтір.
Туынды еліктеу сөзге мысал келтір.
Жаңа сабақ. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.
Еліктеу сөздер мағынасына қарай еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.
Естіген дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Мысалы: Сырттан тарс-тұрс атылған мылтық даусы естілді. Қатты желден ағаш бұтақтары шарт-шұрт сынды. Ештеңе істемей, мысық құсап пыр-пыр ұйықтап жатыр. Дүңк-дүңк еткен дыбыстан шошып ояндым.
Еліктеуіш сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірбиелер көрсету.
Стакандағы суды екінші стаканға құю.
— Оқушылар: Шам жарқ етіп жанды.
1. Өздерің жаңа көрген, айтқан нәрселеріңе байланысты, не ұқтыңдар?
2.Дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?
Мысалы: Малшының үлкен төбеті арс-арс етті. Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті. Еліктеуіш сөздердің ережесін шығару,оқулықпен салыстыру.
Яғни, табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталды. Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдын амалын білдіреді. Мысалы: Тарс-тұрс етті, ырс-ырс етеді, гүрс-гүрс шығады, сарт-сұрт болды, т.б.
Тық-тық басып жүріп келеді.
Жүрегі дүрс-дүрс соқты.
Тарс-тұрс ете қалған дыбысқа жалт қарады.
Ірімшік ауызынан салп етті.
Түйе маң-маң басып, жүріп келеді.
Жарық жалт-жұлт етті.
Жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады.
Айдос селк ете қалды
310- жаттығу . Сөйлемге қажетті сөздерді төменде берілген қатардан тауып қойыңдар.
Орындалуы: 1. сылдыр-сылдыр, 2. сыңғыр, 3. тырс-тырс, 4. сылқ-сылқ, 5. сыңқ,
Тапсырма № 2 Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
2. Сылдыр-сылдыр жүгенім,
Сұлу қара дөненім. (бұлақ)
3. Жиі-жиі себелесе көктен,
Онсыз егін қурайды .(жаңбыр)
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
Шықты біреу талтаңдап .(балапан)
311-жаттығу. Бағандағы етістіктерді жұптасатын еліктеуіш сөздермен сәйкестендіріп, сөйлем құрап жазыңдар.
Орындалуы:
Күмбір-күмбір күй төкті
Жаңа сабақты бекіту.
Сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы бекіту.
Еліктеу сөздер, түрлері, емлесі
Еліктеу сөздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы, жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер және бейнелеуіштер.
Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы, сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы, жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.
1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.
3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б. қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:
1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:
Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.
Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы, Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.
Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен – қандай? – анықтауыш. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп – қалай? – пысықтауыш.
Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.
Урок по казахскому языку «Еліктеуіш сөз» (6 класс)
Онлайн-конференция
«Современная профориентация педагогов
и родителей, перспективы рынка труда
и особенности личности подростка»
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер. Еліктеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыпппен байланыстыру
Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке дағдыландыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Үй тапсырмасын қорыту
4. Жаңа материалдарды түсіндіру
5. Оқушыларды бағалау
6.Үйге тпасырма беру
Жаңа материалдарды түсіндіру:
1.Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Мысалы: тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды т.б
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір – бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Мысалы: Өтеді ауыздығын қарш – қарш шайнап. (Жамбыл) Ырғалып қарға қарқ етті, ірмішік жерге салп етті. (Абай)
Еліктеуіш сөздер көбінесе көмекші етістікпен ( көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт етті, қыңқ етпеді, саңқ етті, топ етті т.б.
2. Бейнелеуіш сөздер
Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.
Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (Сәбит Мұқанов)
Берілген мысалдардағы кілт сөзі бірден, тез тоқтауды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті қайқаң етті, сылаң етіп шыға келді, тыржың етті т.б. ейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт – жұлт, маң – маң, Бүгжең – бүгжең жүрді, қиқаң – қиқаң етті т.б.
ІІ. «Артық білім кітапта»
Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар
Урок по казахскому языку «Еліктеу сөз» 6 класс
Онлайн-конференция
«Современная профориентация педагогов
и родителей, перспективы рынка труда
и особенности личности подростка»
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
білімділік – еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
дамытушылық – логикалық ойлау қабілетін, лексикалық сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап, карточкалар.кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Балалармен амандасу, түгендеу, шаттық шеңберіне тұру.
Күн нұрына ұқсайық
Шын жүректен ашылып,
Тілек досқа сыйлайық
Бір – біріне жылы лебізін білдіреді.
Әр жерде өзінің ережелері болады. Біздің де сол сияқты ережеміз бар олар мынандай:
Бір –біріміздің жауаптарымызды тыңдау.
Атқарған жұмысымызды дұрыс бағалау (бағалағанда алдарымыздағы смайликтарды пайдаланамыз.)
Топта белсене қатысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(сұрақ – жауап және жаңа технологияларды пайдаланып өткенді қайталау)
Үйге қандай тапсырма тапсырылды?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біз қандай сөз таптарымен таныспыз?
Ал енді назарымызды тақтаға аударайық.
Интербелсенді тақтада мынадай тапсырмалар беріледі:
1 – тапсырма: мына сөздерді сөз таптары бойынша ірікте.
Еліктеу сөздер туралы түсінік.
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік.
а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері, еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Еліктеу сөздер туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Өмір — күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол — таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс-әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.
1) Сіріңке жағып, стақандағы суға батырамын. Сұрақ. — От қайтіп сөнді?
2) Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.
Сұрақ. а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?
(Дыбыстық еліктеуіш ережесін шығару, оқулықпен салыстыру.)
Дыбыстық еліктеуішті бекіту үшін тақтаға 2 сөйлем жазу, талдату.
Алыстағы ауылдан ит үрді. Малшының үлкен төбеті арс-арс етгі.
6) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
— Қайсар жалт қарады.
7) Сұрақ. — Сендер біраз нәрсе көрдіңдер, біраз сөйлем жаздыңдар. Осыдан не ұқтыңдар?
Осыдан қимылды естідік пе, көрдік пе?
(Ереже шығарып, окулықпен салыстыру.)
Марат мені ұстай алды. Марат мені шап берді.
Сонымен, айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: тырс еті, шорт сынды, дүңк етті, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, ыржың-ыржың, т.б.
Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт етті, гүрс етті, қорс етті, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт етті, қалт-құлт, далаң-дүлаң, т.б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.
Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікгі өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді қүлақпен есту арқылы анықтаймыз. Сонымен еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді екен?.
. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 297-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Келесі тапсырм: Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден : 298- жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Келесі тапсырма: Еліктеу сөздердің осы үзінділерінде ойды көркемдеп, әсерлеп, әсемдеп, образды түрде берудегі мәнін нақты мысалдармен талдап түсіндіріңдер.
Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң, қосымша тапсырма беремін.
Бекіту сұрақтары. 1. Желдің қатты соғуынан қандай дыбыстар шығады?
Үйге тапсырма: Қалаған ақынның бір өлеңінен еліктеу сөздері кездесетінін жазып,