Жсн казахстан что это
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Баспаға шығару нұсқасы
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлға үшін құрылады.
ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.
ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында туған күнінен төмен қарай берілген 12 цифрдан тұрады, Қазақстан Республикасы азаматының паспортында 2-бетте орналасқан.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туу туралы куәліктен басқа жеке басын куәландыратын құжаттар оларда қалыптастырылған сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда жарамсыз деп танылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды паспортқа не жеке куәлікке қайта рәсімдеу үшін ҚР азаматтары тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 2-бетіндегі мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабарласады.
Что такое ИИН и как получить ИИН.
Для сохранения сведений, относящихся к конкретному физлицу, а также для облегчения идентификации физлиц с 2007 г в Казахстане применяется система присвоения гражданам и, в ряде случаев, временно пребывающим на территории страны иностранцам, индивидуальных идентификационных номеров (ИИН). О том, какие сведения содержит 12-значный номер, и как получить ИИН, расскажем далее…
Что такое ИИН?
Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) –уникальная 12-значная комбинация цифр, которую генерирует информационная система при изготовлении документов для физлиц. Генерируется ИИН автоматически, при первичной регистрации лица в информационной системе. При этом, в дальнейшем присвоенный физлицу номер уже не подлежит изменению или перегенерации. Хранятся сведения, относящиеся к определенному ИИН (а следовательно –к физлицу):
Присвоение ИИН физическим лицам началось в Казахстане с 2007 г., после принятия закона № 223 от 12.01.2007 г. С августа 2007 г. началось переоформление документов, удостоверяющих личность граждан РК, на документы нового образца, содержащие ИИН. Новые документы (в т.ч. свидетельства о рождении детей) при оформлении по умолчанию содержали присвоенный ИИН.
Как расшифровываются цифры ИИН и где можно его увидеть на документах?
Увидеть свой ИИН совершеннолетние граждане Казахстана могут:
Также интегральная микросхема, содержащая ИИН, размещена на таких документах, как:
Расшифровывается 12-значный номер следующим образом:
Для чего ИИН нужен самому физлицу?
Госорганы применяют ИИН для идентификации физических лиц. Следовательно, самим физлицам ИИН необходим для того, чтобы пользоваться государственными услугами:
Как получить ИИН новорожденному и гражданину РК?
Новорожденным, родившимся на территории страны у граждан Казахстана и получившим свидетельство о рождении в казахстанских органах ЗАГС ИИН присваивается при выдаче свидетельства и сразу указывается в документе. По достижении ребенком 16 лет и получении удостоверения личности ИИН переносится в новый документ в неизменном виде. Никаких дополнительных действий для получения ИИН в этом случае предпринимать не требуется
Граждане РК, имеющие удостоверения личности, также получают ИИН при получении документа (или его обмене на новый). Поскольку кампания по присвоению ИИН всем гражданам страны началась еще в 2007 г., на текущий момент вопрос о том, что кто-либо до сих пор не имеет ИИН –не стоит (за исключением единичных случаев).
Как проверить свой ИИН через портал Egov?
На портале Egov.kz реализована услуга «Получение сведений об ИИН».
Для этого необходимо:
Результатом оказания услуги будет уведомление со сведениями об ИИН. Услуга бесплатная.
Как получить ИИН иностранцу?
Иностранные граждане, не имеющие вида на жительство в РК, должны получить ИИН в следующих случаях:
Прежде, чем получить ИИН, иностранцы обязаны получить временную регистрацию в миграционной полиции Казахстана. Затем уже следует обратиться в КГД МФ РК (налоговый орган) или в ЦОН.
При обращении в территориальное подразделение УГД МФ РК или ЦОН необходимо предоставить:
При этом копия паспорта должна быть с нотариально удостоверенным переводом на казахский и (или) русский языки. Копия с переводом предоставляется с вшитыми копиями миграционной карточки и свидетельства регистрации временного пребывания в РК.
При наличии, следует также предоставить:
При подаче документов в УГД МФ РК или ЦОН выдача свидетельства о присвоении ИИН займет 3 рабочих дня с даты подачи. Услуга оказывается бесплатно.
Как получить ИИН для иностранца по доверенности, через портал Egov?
Если иностранцу затруднительно самому получить ИИН или он желает получить его не въезжая в Казахстан, он может сделать это по доверенности.
Доверенность на получение ИИН выдается на имя гражданина РК, и должна быть нотариально заверена в стране пребывания иностранца и апостилирована для Казахстана.
Оригинал доверенности должен быть переведен на казахский и (или) русский язык, перевод должен быть нотариально заверен.
Также требуется нотариально заверенная и апостилированная для Казахстана копия паспорта иностранца.
Если иностранца в стране нет, миграционная карточка и свидетельство регистрации временного пребывания в РК, соответственно, не требуются.
Имея на руках электронные копии указанных документов, доверенное лицо может подать заявку на присвоение ИИН иностранцу через портал Egov.kz (или подать в ЦОН или УГД МФ РК в бумажном виде при личной явке).
При подаче через портал Egov.kz необходимо:
ЖСН дерегіңізді кез келген адам көре алады. Бұл несімен қауіпті?
Қазақстанда әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) дейтін 12 таңбалы әмбебап сан беріледі. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ел арасында «РНН» және «СИК» деп аталған екі құжат жарамсыз деп танылып, оны ЖСН алмастырған. Мемлекеттік мекемеге не банкіге барғанда ЖСН-ді айтсаңыз оператор бүкіл дерегіңізді көре алады. Осылайша жұрт қаптаған құжат жинаудың әуре-сарсаңынан құтылғандай болған. Бірақ адамның дербес дерегін қолға түсіру аса қиындық туғызбайтыны алаяқтарға жол ашып, жеке өмірге қол сұғуды жеңілдетеді.
Былтыр шілдеде белгісіз біреулер Алматы тұрғыны Александр Марченконың атынан 80 мың теңге несие алған. Енді ол өзі сияқты ондаған адаммен бірге несиені басқа біреудің рәсімдегенін дәлелдеумен әлек.
– Туғанымнан Алматыда тұрамын. Танысым, досым көп. 80 мың теңгені кез келген уақытта солардан ала алатын едім. Маған микронесие ұйымына жүгінудің қажеті қанша? – дейді ол ашынып.
Марченко несиенің коронавирус карантині кезінде рәсімделген банк картасы арқылы алынғанын айтады. Сөзінше, алдымен оның атынан екінші деңгейлі банктен 42 500 теңгелік жәрдемақыны алу үшін деп әлеуметтік карта ашқан. Ол үшін алаяқтарға кездейсоқ сим-карта мен Марченконың ЖСН-ы ғана керек болған.
Алаяқтар осыдан кейін сол әлеуметтік картаның негізінде аталған банктен виртуалды карта ашқан. Соның негізінде микронесие ұйымына жүгініп, Марченконың атынан несиеге ақша алған.
– [Несие алғандағы] телефон нөмір менікі емес, бөтен біреудікі. Яғни, оларға керек негізгі дерек ЖСН болған. Былайша айтқанда, мен сіздің ЖСН-ыңызды тауып аламын да, [кредитке] өтініш бергенде соны көрсетем, менің телефоныма код келеді. Сонымен болды, сізге несие рәсімделеді, – дейді Марченко.
Алматы тұрғыны есепшоттың банктің мобильді қосымшасы арқылы ашылатынын айтып, ешқандай фото-видео растаудың жүргізілмегеніне налиды.
– Сосын несие алмағаныңызды, есепшотты ашпағаныңызды, кінәлі емес екеніңізді дәлелдеп сабыласыз. Ал қалай дәлелдейсіз? Мұның бәрі несие рәсімделген адамға қарсы жұмыс істейді. Бұл жүйе несиені банкке бармай, онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беру арқылы өмірімізді жеңілдету үшін жасалған. Бірақ іс жүзінде ойластырғандай жұмыс істемейді, – деп шағынды Марченко.
Жергілікті басылымдарда ЖСН-нің қолды болуынан алаяқтарға алданғандардың оқиғасы жиі баяндалады. Азаматтардың алаяқтарға ұрынуына себепші болған ЖСН-ді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушіні іздеу» қызметі арқылы білуге болады. Бар болғаны қажет кісінің аты-жөнін білсеңіз болды. Керек адамның фамилиясын тересіз, робот емес екеніңізді дәлелдейсіз, бірер минут күтесіз, сонымен болды, ЖСН шыға келеді. Бұл сервис кері тәртіппен де жұмыс істей береді. Яғни, қолыңызға алдымен ЖСН түссе, кісінің қалған дерегін анықтау қиынға соқпайды.
Нұр-Сұлтан тұрғыны Марина Бескровнаяның басынан өткерген жайт – осының жарқын мысалы. Ол былтыр жазда olx.kz сайты арқылы балаға арналған көлік орындығын сатпақ болады. Бір қыз хабарласып, орындықты сатып алатынын, бірақ өзі келе алмай, такси жіберетінін айтады да, Бескровнаядан ЖСН-ін және банк есеп-шотының IBAN нөмірін және мекенжайын сұрайды. Екі күннен кейін әлгі қыз Бескровнаяға хабарласып, абайсызда 90 мың теңге жіберіп қойғанын, ақшаны қайтарып беруін сұраған. Бескровная қайтарып берген-ақ, бірақ бір айдан кейін ол әлгі қызға оның емес, өз ақшасын «қайтарғанын» білген. Яғни, ол қыз Бескровнаяның атынан 90 мың теңге несие алған.
– Хабарласқан қыз такси жіберетінін айтып, мекенжайымды сұрағанда мен оған көше мен үйдің нөмірін ғана айтқанмын. Ал микрокредит ұйымы ұсынған несие келісімшарттында біздің жеке дерегіміз толық көрсетілген. Әріп қатесі де жоқ. Тек телефон нөмірі дұрыс болмады. Өйткені өзіңіз білесіз, алаяқтар несие рәсімдегенін телефонмен растайды, – дейді Марина Бескровная.
Қазақстан прокуратурасының дерегінше, 2020 жылы «Алаяқтық» бабымен (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) тіркелген 33 653 істің 14 155-і интернет арқылы жасалған алаяқтық фактісіне жатады. Азаттық сауалына жауап берген прокуратура ЖСН-алаяқтық бойынша нақты есеп жүргізбейтінін мәлімдеді.
ЖСН деген не?
2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңда ЖСН «жеке тұлға үшін, жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр» екені жазылған. Осы заңның аясында 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап “РНН” және “СИК” ретінде танылған салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке коды және «кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптаушысы» жарамсыз деп танылып, олардың орнына ЖСН мен БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) қолданылатын болды. ЖСН түзудің ережесіне сай, ЖСН 12 таңбадан тұрады. Алғашқы алты таңба – кісінің туған күні, жетінші таңба – кісінің қай ғасырда туғаны және жынысы, одан кейінгі төрт таңба – жүйедегі тіркеу нөмірі, 12-таңба – бақылау нөмірі. Демек кісінің ЖСН-ін білсеңіз, оның туған күні мен жынысын да білуге болады.
2013 жылы 26 тамызда ережеге өзгеріс еніп, бұдан былай ЖСН тағайындауда кісінің туған күні мен жынысын көрсету міндетті болмай қалды. Бірақ аталған күннен кейін берілген ЖСН-дер де негізінен бастапқы ереже бойынша тағайындалып келеді. Дәл осы түзетуде ЖСН-ді өзгертуге не қайта жасатуға болмайтыны жазылған. Қазір ЖСН жаңа туған Қазақстан азаматына бірден тағайындалып, оның туу туралы куәлігінде көрсетіледі. Дербес деректің бұл түрі сондай-ақ жеке куәлік пен паспортта да бар.
ЖСН АШЫҚ ДЕРЕК ПЕ, ЖАБЫҚ ДЕРЕК ПЕ?
“Дербес деректер және оларды қорғау туралы” заңда жеке мәліметтің жалпыға ашық және шектеулі деген екі түрі болатыны жазылған. Қолжетімділігі шектелген дербес деректі мәлімет иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Заң ашық дерекке өмірбаян, телефон, мекенжай кітаптары жатады дейді де, шектелуі мәліметтің мысалын келтірмейді. ЖСН-нің дербес деректің қай түріне жататыны да айтылмаған.
Ал заңгер Эльвира Хайруллина zakon.kz сайтындағы түсініктемесінде «ЖСН қолжетімділігі шектеулі дербес дерек» ретінде аталған. 2019 жылы 26 қарашада Арман Оспанов дейтін азамат dialog.gov.kz сайты арқылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа сауал жолдап, ЖСН-нің дербес деректің қай түріне жататынын сұраған. Министр «ЖСН дербес деректің шектелген түріне жатады» деп жауап берген.
Осыдан соң Азаттық Қаржы министрлігі Кіріс комитетінен «егер ЖСН шектелген дербес дерекке жатса, Кіріс комитеті заң бұзып отыр ма?» деп сұрады. Комитет Салық кодексіне сілтеп, ЖСН-ның салық құпиясына жатпайтынын, сол себепті оның ашық көзде болуы заңға қайшы емесін айтты.
Ал заңгер әрі құқық қорғаушы Евгений Жовтис егер ЖСН «Дербес деректер туралы заң» аясында шектелген мәліметке жатса, Салық кодексі осы мәселеде аталған заңға жол беруі тиіс дейді.
Заңгердің пікірін білген соң қайшылықтың шешімін Әділет министрлігінен де сұрадық. Министрліктегі заңнама департаментінің директоры Арман Кенжеғалиев заңға түсініктеме беру құзыретініне жатпайтынын айтып, Ішкі істер министрлігіне сілтеді.
Тұрғымбаевтың ресми жауабы қолымызда бола тұра, Әділет министрлігінің нұсқауымен ІІМ хат жолдап, нақтылап алайық деп шештік. ІІМ бұл жолы жауап беруден жалтарып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне сілтеді. Бұл комитет төрағасы Руслан Әбдіхалықов Азаттық сауалына «ЖСН ашық дерекке жатады» деп жауап берді.
ЖСН АРҚЫЛЫ ҚАНДАЙ ДЕРЕКТІ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінгенде ЖСН тұлғаның кім екенін анықтауда не жалғыз дерегі не қос дерегінің бірі болуы ықтимал.
Мәселен, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің терминалынан несиені төлеуде не депозитті толтыруда жалғыз ЖСН ғана жеткілікті. Жоғарғы соттың сайтында адамның ЖСН-ын теру арқылы оған қарсы іс қозғалғанын не қозғалмағанын анықтауға болады. Ал Kaspi.kz қосымшасы мен өзге де дереккөздер ЖСН арқылы жол ережесіне бұзу бойынша және өзге де әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды көрсетеді.
Орал қаласы тұрғындарына арналған Smart Uralsk мобильді қосымшасы арқылы кісінің ЖСН-ы арқылы оның үй кезегінде тұрған-тұрмағанын, салық бойынша берешектерін білуге болады. Aitu, UniVision.kz секілді мобильді қосымшаларда ЖСН терсеңіз, білім грантын тағайындау нәтижесімен таныса аласыз. Ал Telegram желісіндегі боттар ЖСН арқылы сан түрлі қызмет көрсете береді, адам туралы интернетте бар көптеген жеке деректі тауып береді.
Кибершабуылдардың алдын алумен айналысатын «ЦАРКА» ұйымының жетекшісі Олжас Сатиев теріс пиғылды адамдар үшін ЖСН-нің құнды дерек екенін, оның ашық көзде жүруі қауіпті екенін айтады.
– ЖСН-нің ашық көзде болуы – «айсбергтің шыңы». Мәселенің мәні тереңде. Қазір мемлекеттік органдарға адамның құпия жеке деректері молынан табысталып отыр. Ал Қазақстанда дербес деректің қолды болғаны үшін жазалау болмаған. 2019 жылы 11 миллион қазақстандықтың дербес дерегінің сыртқа шығып кеткенін еске алуға болады. Елдегі кәмелетке толған барлық азаматтың мекенжайы, телефоны, туған күні толықтай желіде жүрді, – дейді Сатиев.
11 миллион қазақстандықтың дерегі жайлы дау
2019 жылғы 4 шілдеде ЦАРКА ұйымы Telegram парақшасында 11 миллион Қазақстан азаматының дерегі интернетте жүргенін, ол деректердің Google және Yandex іздеу жүйелерінде индексациялап қойғанын мәлімдеген. Сол кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Асқар Жұмағалиев дербес деректердің жайылып кеткенін растап, қауіпсіздік шаралары күшейетінін жазған. Бір айдан кейін, 8 тамыз күні ЦАРКА Ішкі істер министрлігінің осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеп, министрлік хатын жариялаған.
Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова ЖСН-ге көптеген әлеуметтік мәлімет байланғанын, сол себепті оның ашық көзде болуына қарсы.
– Бізде адамдардың жеке қауіпсіздігі заңмен қорғалуы тиіс. Ол Конституциямен негізделген, ал біз ЖСН-ді заңды түрде ашып көзге, жалпы қолжетімді етіп жатсақ бұл еліміздегі əрбір адамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Ал бұл сайып келгенде Қазақстан қоғамына, мемлекетке қауіп төндіреді, – дейді ол.
Әлеуметтанушының сөзінше, цифрлық қоғамға өткісі келетін елде жеке мәлімет қауіпсіздігі негізгі құндылық болуы тиіс.
– Жеке мәлімет қауіпсіздігі құндылыққа айналған қоғам ретінде Германияны атар едім. Оған осы мемлекеттегі ғылыми тағылымдамалар мен конкурстарға қатысу кезінде көзім жетті. Мысалы, сақтандыру рәсімдеу үшін менен жеке мәліметімді сұрады. Сол мәліметтен менен алу үшін мен 7-8 беттік ақпаратты қорғау саясатымен танысып шықтым, бірақ беріп отырған мәліметім туған күнім ғана. Сол мәліметтің өзін алу үшін менімен келісімшарт түзді. Ал бізде бұл дерек ашық көзде тұр, – дейді Молдабекова.
ADATA.KZ САЙТЫНАН ДА ЖСН ТАБУҒА БОЛАДЫ. САЙТТАҒЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?
Адамның ЖСН-ін Кіріс комитетінің “Салық төлеушіні іздеу” қызметінен өзге adata.kz жекеменшік сайтынан да табуға болады. Бұл сайттың ерекшелігі сол, ол керек ЖСН-ді Кіріс комитетінің сервисінен әлдеқайда жылдам береді. Сайттан ЖСН-іңізбен бірге қандай айыппұлыңыз бар екенін, әлеуметтік статусыңызды және міндетті сақтандыру бойынша деректеріңізді біле аласыз.
Азаттық Adata.kz сайтының иесі “Alldata.kz” компаниясына сауал жолдап, жеке деректерді қайдан және қалай алатынын, оның заңға қаншалық сай келетінін, ЖСН сынды маңызды жеке мәліметтің ашық болуына қалай қарайтынын сұрады.
Компанияның заң бөлімін басқаратын Әнел Шәкенова қазақстандықтардың ЖСН-ін өз серверлерінде сақтамайтынын, мәліметтерді тікелей Кіріс комитетінің сервисінен алатынын айтты. Adata.kz сайтының “Салық төлеушіні іздеу” сервисіндегі ақпаратты Кіріс комитетінен қалайша жылдамырақ көрсететінін сұрағанда Шәкенова мұның компания мамандарының техникалық жаңалығы екенін айтып, құпиясын ашпады.
Технологиясын ашпаған “Alldata.kz” дегенмен Азаттық сауалынан кейін қазақстандықтардың ЖСН-ін бояп қойып, бұл нөмірді іздеген адамдардан қосымша деректер сұрауға көшті. Компанияның заң бөлімін басқаратын Әнел Шәкенова бұл қадамға интернет қолданушыларға деген құрмет үшін барғанын айтты. Осыдан кейін Шәкенова компаниясының заң негізінде жұмыс істейтінін, бірақ заңның толықтай анық емес екенін айтып шағынды.
– Біз заң шеңберінде жұмыс істейміз. Бұл шеңбер шайылып кеткен. Егер заңнамада дербес деректің не екені, оны қалай қолдану керектігі анық жазылса, бұл бәріне тиімді болар еді, – деді ол.
«ҚОҒАМҒА ДАТА САУАТ ӘЛІ ЖЕТЕ ҚОЙМАДЫ»
Сүлеймен Демирел университетінде дата журналистика курсын оқытатын Асхат Еркімбай адамдардың жеке деректерінің жан-жақта шашылуының зардабын бес-он жылдан кейін тартамыз деп санайды.
– Біздің қоғамға дата сауат әлі жете қоймады. Ксерокөшірме жасайтын дүңгіршектің өзінде де жеке куәліктері шашылып жатыр, тіпті ондағы компьютерде сақталып та тұр. Сөйте тұра датамен бетпе-бет келетін жағдай күн сайын артып барады. Қазақстанда датаға негізделген бағдарламалар өте көп. Соның бірі – ашық үкімет порталы. Бірақ қарапайым адамдардың онымен жұмыс істеуге сауаты жете бермейді. Біз сол себепті қиындықтарға тап болып жатырмыз. Датамыздың жан-жаққа шашырауының салдарын бес-он жылда көруіміз әбден мүмкін.
Азаттық: Шешу жолы қандай?
Асхат Еркімбай: GDPR (General Data Protection Regulation немесе Деректі қорғау жөніндегі жалпы ереже – ред.) дейтін ереже бар. Онда деректерді өңдеудің заңды, әділ және ашық болуы тиіс екені айтылады.
Біріншіден, менің жеке деректерімнің қалай өңделетіні маған миыма салмақ түсірмейтіндей етіп түсінікті болуы қажет. Мәселен мен мемлекеттік мекемеге не банкке барсам, жеке куәлігімді сұрайды. Осы жерде куәлігімнің көшірмесі ары қарай қайда кететіні, онымен не істелетіні ұғынықты болуы керек. Екіншіден, деректерді жинау және пайдалану мақсаты шектелуі қажет. Келесі қағида – деректерді азайту. Бізде ол қағиданың әлсін-әлсін көрінісі бар. Мысалы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке кодтан (СИК пен РНН – ред.) бас тарттық. Сонымен қатар деректердің нақты мерзімі болғаны жөн. Бізде ЖСН өмір бойына беріледі. Бәлкім оны өмірлік қылмау керек шығар. Балабақшаға дейін бір дерек болса, мектепте басқа дерек болуы қажет.
Маған ең ұнайтыны – есеп беру қағидасы. Яғни мәліметтерімізді жинауды мойнына алған үкімет оны қалай сақтайды, қандай қателіктер кетті дегендей бәрін айтып отыруы қажет.
Біз қазір жеке мәліметтерді жинаудан түбегейлі бас тарта алмаймыз, себебі белгілі бір деңгейде ол өмірімізді жеңілдетіп отыр. Бірақ оны жүзеге асыруда осы қағидаларды ұстануымыз қажет. Бір ғана ЖСН арқылы соншама қызмет аламыз. Бірақ таяқтың екінші ұшында жауапкершілік тұр. Мұны кім мойнына алады, мәлімет дұрыс сақталмаса кім жауап береді деген сұрақ ашық күйі қалып отыр.
Азаттық: Қазақстан сіз айтқан деректің қалай пайдаланатын түсіндіру деген бар ма?
Асхат Еркімбай: Өз басым бір банкке жүгініп, «Сіздерге рахмет, мен енді сіздердің қызметтеріңізді қолданбаймын деп шештім, енді менің деректерімді өшіріп тастаңыздар. Қандай қағаз жазу керек, жазайын да, қол қояйын» дедім. Мұндай рәсім қарастырылмаған болып шықты. Бұл мен үшін қорқынышты. Ертең сол банктен маған қатысты мәселе шықса, қарыз алмағанымды, қызмет алуды тоқтатқанымды дәлелдеп жүргім келмейді.
Бір компания жеке мәліметті дұрыс қолданбаса, тұтынушы ол компаниядан жеке дерегін біржола өшіруді талап ете алуы тиіс. Сонда бізде деректерге жауапты қарайтын нарық пайда болар еді. Сол құқық бізде жоқ.
Азаттық: Ксерокөшірме дүңгіршектерінде жеке құжаттар көп деп қалдыңыз. Расымен куәлігімізді, паспортымызды жоғалтып жатамыз. Бәлкім ЖСН-ды бұл құжаттардан алып тастап, бөлек сақтау керек болар? Болмаса ЖСН-ді тағайындағанда туған күн, ай, жылды емес, кездейсоқ сандарды пайдаланса қайтеді?
Асхат Еркімбай: Кездейсоқ нөмір болған күннің өзінде ол шешім бола алмайтын сияқты. ЖСН-ды күрделендіру – шешім емес. Неліктен АҚШ-та қауіпсіз? Өйткені онда кез келген қылмыскер түптеп келгенде жазасын алады деген түсінік бар. Егер біз қылмыскер жазасын алмайтын қоғамда өмір сүретін болсақ, қанша күрделендірсек те көмектеспейді. Сондықтан бұл мәселе түптеп келгенде құқықты қоғам қалыптастыруға және құқықтық жауапкершілікті түсінуге келіп тіреледі. Жауапкершілікті жалғыз полиция ғана емес, кез кел келген адам түсінуі керек. Менің қолымда кімнің ЖСН-і, мен оған қалай жауап беремін дегендей. Отбасымыздың ЖСН-дері телефонымызда жүр. Егер ол дерек қолды болып, теріс пиғылда пайдаланылса, жеке адам ретінде жауапты болатынымызды түсінген абзал.
Что такое ИИН: определение, расшифровка и особенности
Определение
Индивидуальный номер налогоплательщика служит идентификатором гражданина или организации в системе миграционных служб. С его помощью можно получить некоторые государственные услуги, а также искать информацию о человеке, уплаченных им налогах.
Присваивается изучаемая составляющая при жизни. Она никогда не меняется. Это значительно облегчает жизнь и государственным органам, и гражданам.
Кому выдают?
Понятно, что такое ИИН. Кто может получить данный номер?
Как уже было сказано, он присваивается всем гражданам автоматически. Но не всем известна изучаемая комбинация.
Получить ИИН могут:
Иными словами, все категории граждан и налогоплательщиков способны оформить себе индивидуальный номер. На самом деле в этом процессе нет ничего трудного или непонятного.
Интерпретация
Дело все в том, что индивидуальный идентификационный номер пишется в паспорте. Он располагается на лицевой части удостоверения личности человека.
Где получить?
А где можно взять данную составляющую? Она оформляется в нескольких учреждениях, расположенных на территории Казахстана.
Где именно? Например, за ИИН можно обратиться в службы одного окна (многофункциональные центры), а также в миграционные службы. Иными словами, гражданину просто необходимо получить удостоверение личности. И после этого он сможет увидеть свой ИИН.
Говоря об идентификационном номере для иностранцев, стоит отметить, что документ оформляется в налоговых службах. Это вполне нормальное, законное явление.
Срок выдачи
Понятно, что такое ИИН. Как долго его будут оформлять после подачи соответствующего вопроса?
Если нужен ИИН для предпринимателя, то можно рассчитывать на выдачу свидетельства установленной формы через 3-5 дней.
Стоимость
Сколько стоит оформление индивидуального номера налогоплательщика? Все зависит от того, кто именно является получателем данной составляющей.
Так, к примеру, ИИН человека выдается бесплатно. Но за дубликат соответствующего свидетельства (при его восстановлении) нужно будет платить. А вот индивидуальный номер предпринимателя или юридического лица требует изначальной уплаты определенных средств.
На сегодняшний день пошлина за оформление человека как ИП или юрлица составляет 4538 тенге (830 рублей 30 копеек). Фактически именно столько гражданин заплатит за получение свидетельства с индивидуальным идентификационным номером. После регистрации в ФНС заявителю вручат документ установленного образца, в котором будет написана интересующая нас информация.
Порядок действий
Как правильно заказать изучаемую составляющую? Следующее руководство подходит только для тех, кто решил самостоятельно получать свидетельство установленной формы.
Чтобы заказать ИИН, гражданину придется:
Вот и все. Эта инструкция, как мы уже выяснили, подходит и для МФЦ, и для ФНС. Через интернет получение индивидуального номера осуществляется иначе.
«Электронное правительство»
ИИН ИП или физического лица через «Электронное правительство» оформить не так уж и трудно. Рассмотрим алгоритм действий, который необходимо предпринять для получения свидетельства с индивидуальным номером предпринимателя. Как уже было подчеркнуто ранее, придется встать на учет в налоговой службе как ИП.
Для этого потребуется:
Вот и все! Как мы уже выяснили, на операцию уходит несколько дней. Оповещение о готовности индивидуального номера придет в «Личный кабинет» на портал. Также письмо продублируют на электронную почту заявителя.
Поиск без учета
Тем не менее найти ИИН можно и без постановки на налоговый учет. Во всяком случае, в отношении физических лиц распространяется именно такое правило. Граждане могут не оформлять свидетельство с индивидуальным номером налогоплательщика. Им предоставлено право поиска соответствующей информации без какого-либо документального подтверждения.
На сегодняшний день можно найти индивидуальный номер:
Начнем с первого варианта. Аналогичным образом нужно будет действовать, если хочется получить данные через сторонние сервисы.
Итак, инструкция по поиску ИИН по фамилии выглядит так:
Чтобы узнать ИИН из налоговых квитанций, нужно внимательно их изучить. Потребуется блок «Плательщик». Здесь будут написаны личные данные гражданина, а также его индивидуальный номер налогоплательщика.
Документы: полный перечень
Какие документы пригодятся для получения ИИН? Как было подмечено ранее, гражданам необходимо принести минимум документов для получения свидетельства установленной формы.
Физические лица приносят с собой:
Больше ничего не потребуется. Для регистрации ИП нужно предъявить:
На этом перечень документов заканчивается. Желательно принести все бумаги вместе с их копиями. Заверять документы нет необходимости.
Теперь ясно, что такое ИИН, как можно получить этот номер, где он оформляется. Данная задача под силу даже человеку, который плохо разбирается в бумажной волоките!